ЖОБАЛАР НЕГІЗІНДЕ КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  • Құсайын Л.С. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі

Аннотация

Мақалада оқу мәдениетін қалыптастырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады. Халықаралық зерттеулер (UNESCO, OECD PISA, IEA PIRLS) мен қазақстандық тәжірибелер салыстырыла талданады. Білім беру жүйесіндегі құндылыққа негізделген жаңа парадигма, «Біртұтас тәрбие тұжырымдамасының» ерекшеліктері және олардың оқу мәдениетімен байланысы сараланады. Әлемдік тәжірибедегі (Финляндия, Сингапур, Эстония, Жапония) жобалық әдістің нәтижелері мен қазақстандық мектептердегі ұлттық мазмұнмен ұштасқан тәжірибелер салыстырылады. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің «Дүниетаным көкжиегі» жобасы аясындағы үш жылдық эмпирикалық деректер талданып, оқушылардың оқу мәдениеті мен мұғалімдердің кәсіби ізденісіндегі сапалық өзгерістер ғылыми тұрғыда бағаланады. Мақалада Әл-Фараби, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды ойшылдардың еңбектері пайымдау мен тұжырым жасауға арқау болды.

Опубликован
2025-12-25
Раздел
Педагогика