ҚАЙЫР БЕКТҰРҒАНОВТЫҢ КӨРКЕМДІК-БЕЙНЕЛЕУІШ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ШЕБЕРЛІГІ («БАБАНАЗАР ТЕРЕГІ» ӘҢГІМЕСІ БОЙЫНША)

  • Мутиев З.Ж., Кульбаева А.А. М.Өтемісов атындағы БҚУ

Аннотация

Аңдатпа: Мақалада Қайыр Бектұрғановтың «Бабаназар терегі» әңгімесі көркемдік және философиялық тұрғыдан талданады. Шығармада уақыт пен тағдыр, өмір мен өлім, махаббат пен өкініш сынды ұғымдар терең символика арқылы өрнектелген. Автор Бабаназар терегін уақыт пен мәңгіліктің символы ретінде бейнелеп, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ашады.

Мақалада шығарманың негізгі идеялары мен көркемдік құралдары, соның ішінде символизм, метафора, психологиялық параллелизм және антитеза талданады. Сонымен қатар, постмодернистік элементтер – постадам, поп-арт, сонористика және алеаторика тәсілдері қарастырылады. Бұл элементтер шығарманың дәстүрлі реализм шеңберінен шығып, терең философиялық мәнге ие болуына ықпал етеді.

Түйіндей айтқанда «Бабаназар терегі» – адамның өз шешімдері мен өткеніне ой жүгіртуі, уақыттың құндылығын түсінуі туралы терең психологиялық шығарма екендігі сараланады. Ол оқырманға өмірдің өткіншілігін, бақыт пен өкініштің нәзік шекарасын сезіндіретін әсерлі туынды болып табылады.

            Кілт сөздер: көркем шығарма, символизм, уақыт пен тағдыр, махаббат пен өкініш, постмодернизм, философиялық ойлар, рухани ізденіс.

Опубликован
2025-12-25
Раздел
Филология