СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС АРАЛ МАҢЫ ҚОЛА ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ: КЕЗЕҢДЕЛУІ ЖӘНЕ ЖАҢА ЗЕРТТЕУЛЕР

  • Ж.Р.Утубаев, Ы.С.Құрманиязов, С.Ж.Рахимжанова Кызылординский университет имени Коркыт Ата

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада Арал маңы қола дәуірі мен ерте темір дәуірі ескерткіштерінің қысқаша зерттелу тарихы қарастырылған. 2024 жылдың далалық маусымында жаңадан ашылған ескерткіштер төңірегіндегі зерттеулер, соңғы  уақыттағы  Солтүстік Арал маңы және Арал маңы Қарақұмындағы ашылып жатқан ашық аспан астындағы, апаттық қола дәуірі мен ерте темір дәуірі қоныстары мен қорымдары алғашқы нәтижелері мерзімделу мәселесі қарастырылып отыр. Жаңадан ашылған нысандар Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары аумағында орналасқан, қазіргі таңда ежелгі адамдардың Арал маңы аймағында қалдырған ескерткіштерін тұрақты зерттеу нәтижесінде жеткілікті дерекнамалық база жасақталып отыр. қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің ондаған қоныстары ашылып, зерттелуде, сондай-ақ, осы кезеңінде аймақта болған негізгі тарихи-мәдени процестерді түсіндіруге мүмкіндік беретін археологиялық материалдарға талдау жасалды. Соған қарамастан, біз назар аударып отырған хронологиялық кезеңдегі өмір сүрген тайпалардың тіршілік ету жүйесі мен экономикалық және әлеуметтік-рухани қызметінің қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты бірқатар мәселелердің басы ашық күйінде қалып отыр. Аймақтың тарихи дамуы Арал маңының аталған кезеңдерде кезеңіндегі экологиялық үдерістердің өзгеру динамикасымен тығыз байланысты болып отыр.

Опубликован
2025-12-25
Раздел
История