ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

  • Ауезова З.Т., Бұлақбай Ж.М., Сагынбаева А.Б.*, Байгукин Г.Т., Байжанова М.С. Международный университет Астана
Ключові слова: халық; демография; демографиялық үдеріс; мемлекеттік реттеу; мемлекеттік реттеу әдістері; мемлекеттік басқару әдістері; табиғи өсім; туу; өлім-жітім; көші қон; әлеуметтік экономикалық жағдай; нарықтық экономика; адамның даму индексі

Анотація

Аңдатпа. Қазіргі таңда халықтың демографиялық жағдайын реттеуде мемлекеттің алатын орны ерекше. Жалпы халықтың демографиялық жағдайы мен өмір сүру сапасын бағалау мемлекеттің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық саясаттың ең маңызды мәселесі болып табылады.

Аталған мақалада Алматы облысы халқының демографиялық жағдайына зерттеу және талдау әдісін қолдану ұсынылады. Зерттеу жұмысы алға қойылған міндеттерді шешуге және еліміздің өңірлерінде, сонымен қатар Алматы облысындағы халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын және қазіргі жай-күйінің өңірлік мәселерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында халықтың демографиялық жағдайын мемлекеттік реттеуде еліміздің әртүрлі өңірлерінде әр түрлі жағдайда екендігін және статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек өндіріс орындары шоғырланған аудандарда халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы өнеркәсіптік облыстардан біршама төмен екендігін байқауға болады. Сонымен қатар, аталған мақалада еліміз бойынша және Алматы облысы өңіріндегі халықтың табиғи өсімі, өлім-жітімі, некелесу мен ажырасу, көші қон және АДИ көрсеткіштерін талдау мақсатында көрсеткіштерге талдау жасалған.

Жарияланды:
2026-03-25
Бөлім
География