XIV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ОЙРАТ-МОҢҒОЛ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЙРАТТАРДЫҢ БАТЫСҚА ЖЫЛЖУЫ
Анотація
Қазақстан тарих ғылымының ортағасырлық деректануында араб географиялық әдебиетінің маңызы зор. Бұлардың арасында көшірме шығармалар көп болғанымен, Еуразия құрлығының орталық аймақтарына қатысты жалпылама деректері баршылық. Х ғасырда жазылғанған әл-Истахридың «әл-Масалик уа-л-мамалик», яғни «Жолдар мен елдер» кітабы да деректану тұрғысынан бізге ортағасырлық мемлекеттер мен халықтар туралы салмақты мәліметтерді береді. Кітап мазмұнына байланысты біз мақаланың негізгі тақырыбын – «Теңіздер туралы», «Хорасан», «Мәуреннахр», «Түркістан», «Хазар теңізі және Маңғыстау», «Еділ бойы», «Балх туралы» деп бірнеше тараушаларға бөліп жүйеледік. «әл-Масалик уа-л-мамалик» қамтыған деректер ортағасырларда Қазақстан аумағында жүрген этносаяси үрдістердің аймақтық ерекшеліктерін және ортақ белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Әл-Истахридың «әл-Масалик уа-л-мамалик» еңбегі мен ондағы карталар Орталық Азия, соның ішінде қазақ жерін мекендеген ортағасырлық халықтар туралы деректерді және тарихи топонимияны зерттеуде маңызды дереккөз болып табылады.
