ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ ТАЗАРТУ ҮШІН ЕКІНШІЛІК РЕСУРСТАРДАН ТҰРАҚТЫ СОРБЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖАСАУ

  • GabitovaB.G., Shalabayeva G.S., Sarbayeva K.T., Abdimutalip N.A., ToychibekovaG.B.* Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави
Ключові слова: сорбенттер, ауыр металдар, топырақты тазарту, пайдаланылған газқағар сүзгілері, беттік өзгерту, сорбциялық сыйымдылық

Анотація

Қайталама ресурстар негізінде ауыр металдармен ластанған топырақты тазарту үшін тиімді сорбенттерді әзірлеу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің өзекті міндеті болып табылады. Бұл бағытта пайдаланылған газқағар  сүзгілерін пайдалану ерекше қызығушылық тудырады, оларды кәдеге жарату қауіпті қалдықтарды жинақтау және ластанған аумақтарды ремедиациялау мәселелерін бір мезгілде шешуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста ластанған ортадан Pb2+,Cd2+ және Cu2+ иондарын алу үшін пайдаланылған газқазар сүзгілерінен жоғары тиімді сорбенттерді алу мүмкіндігін зерттелген. Сорбенттер бастапқы материалды біріктірілген термиялық және химиялық модификациялау арқылы алынды. Әзірленген материалдардың физика-химиялық қасиеттері төмен температуралы азотты адсорбциялау BET-талдау және ИҚ-Фурье-спектроскопия әдістерімен зерттелгеню Модификация сорбенттердің меншікті бетінің едәуір ұлғаюына (200-ден 610 м2/г дейін), кеуектердің жалпы көлемінің өсуіне және бетінде оттегі бар функционалды топтардың пайда болуына әкелетіні анықталды. Сорбцияның эксперименттік зерттеулері ауыр металл иондарына қатысты әзірленген материалдардың жоғары тиімділігін көрсетті. Сорбцияның максималды сыйымдылығы Рb2+ үшін 89 мг/г, Cd2+үшін 52 мг/г және Cu2+ үшін 40мг/г болды, жою тиімділігі 92% дейін. Кинетикалық талда (у көрсеткендей, сорбция процесі 12-24 сағат ішінде тепе-теңдікке тез жетеді және жалған екінші ретті модельмен жақсы сипатталады

 (R2 = 0,97-0,99), бұл хемосорбция механизмдерінің басым екендігін көрсетеді. Нәтижелер топырақ пен су жүйелерін ауыр металдардан тазарту үшін модификацияланған пайдаланылған газқағар сүзгілерін пайдалану перспективасын растайды

Жарияланды:
2026-06-25
Як цитувати
GabitovaB.G., Shalabayeva G.S., Sarbayeva K.T., Abdimutalip N.A., ToychibekovaG.B.*. (2026). ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ ТАЗАРТУ ҮШІН ЕКІНШІЛІК РЕСУРСТАРДАН ТҰРАҚТЫ СОРБЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖАСАУ. БҚУ хабаршысы, 102(2), 422. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.102(2).40
Бөлім
Экология