ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ: XX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  • Меруерт Әли Қарағанды медицина университеті
  • Назгуль Мингишева Медицинский университет Караганды
  • Темирлан Бокебаев
Ключові слова: қазақ медицинасы; медициналық білім беру; алғашқы қазақ дәргерлері; «Алаш» қозғалысы; Алаш автономиясы; баяндама әдісі; кеңес билігі; қазақ интеллигенциясы; Қазақ АКСР-інде денсаулық сақтаудың дамуы; саяси саяси қуғын-сүргін.

Анотація

Мақалада XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның алғашқы дәрігерлерінің кәсіби, ғылыми, ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметі тарихи-өмірбаяндық талдау негізінде, оның ішінде шығу тегі, отбасы жағдайы, оқу орны және олардың кейінгі қызметі сияқты аспектілері қарастырылған. Мақалада XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың бірінші ширегінде Ресей империясының жоғары оқу орындарында білім алған алғашқы қазақ дәрігерлерінің 16 өмірбаяндарына талдау жасалады. Әсіресе, олардың қоғамдық-саяси қызметіне назар аударылады, өйткені олардың көбісі Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясының көрнекті қайраткерлері болды. Олар түрлі идеологиялық бағыттарды ұстанды, бірақ оларды қазақтардың ұлттық автономия алу мақсаты біріктірді. Сондай-ақ алғашқы қазақ дәрігерлері медицина мен білім, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми еңбектер жазды. Алаш қайраткерлері Кеңестік Қазақстанның да құрылысына зор үлесін қосты. Алайда, кейінірек, большевиктер оларды қуғын-сүргінге ұшыратып, көптеген жылдар бойы есімдері ұмытылды. Отандық тарихшыларымыз Алаштың  қызметін зерттеуге және бағалауға мүмкіндігін КСРО ыдырағаннан кейін ғана алды. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан үшін Алаш қозғалысы мен оның тарихтағы орны ұлттық идея мен саясатты қалыптастыруда үлкен маңызға ие болып отыр.

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Әли, М., Мингишева, Н., & Бокебаев, Т. (2026). ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ: XX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. БҚУ хабаршысы, 103(3), 166. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).16