МҰХТАР МАҒАУИННІҢ “АЛАСАПЫРАН” РОМАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

  • Нуркадырова Ж.Д., Тоқтыманова Ғ.М., Ноғайбаева Ж.А., Қалдарбек А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Abstract

Бұл мақалада қазақ әдебиетінің қас шебері Мұхтар Мағауиннің “Аласапыран” романындағы ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісі зерттеледі. Тарихи роман әр халықтың өткенін сараптап, болашағына көпір салатын ұлы жол тәрізді. Әлем халқының ұлттық құндылықтары әдебиет арқылы, тарихи романдар арқылы қайта жаңғырып, ұлт мұрасының өскелең ұрпаққа саф күйінде жетуіне тікелей мұрындық болып келеді. Мұхтар Мағауиннің “Аласапыран” романы терең зерттеуді қажет ететін терең тынысты туынды.
Зерттеу барысында көркем мәтіндегі көнерген сөздер, мақал-мәтелдердегі ұлттық сана мен дәстүрлі құндылықтарды бейнелеудегі тың тәсілдері айшықталады. Романдағы тілдік бірліктер арқылы қазақ халқының тарихи жады, дүниені қабылдау ерекшелігі, әлеуметтік иерархиясы, билік пен ерлік ұғымдары, салт-дәстүр мен рухани құндылықтары көрініс табатыны көрсетіледі. Сонымен қатар автордың тілдік таңдауындағы стильдік ерекшеліктер мен семантикалық қабаттар ұлттық дүниетанымның көркемдік моделін қалыптастырудағы маңызды фактор ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері «Аласапыран» романының қазақ әдебиетіндегі тарихи сананы жаңғыртушы, ұлттық рухты танытушы көркем туынды ретіндегі маңызын айқындайды.

Published
2026-03-25