Есбай С.Б., Севинч Эмре, Жанұзақ Р.Б. ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ ДАУЫЛБАЙ ҚОРЫМЫНЫҢ №2 ОБАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ДАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ПАЛЕОАНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

  • Есбай С.Б., Севинч Эмре, Жанұзақ Р.Б. Selcuk University
Ключові слова: Жетісу, ерте темір дәуірі, үйсін, Дауылбай, антропология, Қаратал, остеометрия

Анотація

Мақалада Қаратал өзені аңғарында орналасқан Дауылбай қорымының №2 обасында жүргізілген археологиялық және палеоантропологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылады. Жерлеу орнының құрылымдық ерекшеліктері, соның ішінде овал пішінді топырақ қабір шұңқыры, ағаштан жасалған жабын қабаты мен тастан қаланған қабір үсті құрылысы, сондай-ақ жерленген адамның орналасу жағдайы сипатталған. Сүйек қалдықтарына остеометриялық және морфологиялық талдау жүргізіліп, нәтижесінде жерленген адамның морфологиялық сипаттамалары, жоғары физикалық белсенділік пен көшпелі өмір салтына бейімделу белгілері анықталды. Салыстырмалы талдау ескерткішті б.з.д. II ғ. – б.з. II ғ. аралығына, яғни үйсін мәдени қабатының Қаратал кезеңіне жатқызуға мүмкіндік берді. Алынған деректер ерте темір дәуіріндегі Жетісу халқының морфологиялық және биологиялық әртүрлілігін зерттеуге арналған дереккөздер қорын едәуір кеңейтеді және Дауылбай қорымының Жетісу археологиясындағы маңызды орнын айғақтайды

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Есбай С.Б., Севинч Эмре, Жанұзақ Р.Б. (2026). Есбай С.Б., Севинч Эмре, Жанұзақ Р.Б. ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ ДАУЫЛБАЙ ҚОРЫМЫНЫҢ №2 ОБАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ДАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ПАЛЕОАНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР . БҚУ хабаршысы, 103(3), 143. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).14