БӨКЕЙ ХАННЫҢ РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАҒАН ҰРПАҚТАРЫ

  • Хайдаров Е.Е., Байбулсинова А.С., Мухангалиева Ж.Қ. ЗКУ имени Махамбета Утемисова
Ключові слова: Бөкей хан әулеті; байларды тәркілеу; ОГПУ үштігі; НКВД; репрессиялар; айыптау; үкім; концлагерь; ең ауыр жаза; ақтау қорытындысы.

Анотація

Мақалада Бөкей хан әулеті өкілдерінің кеңестік кезеңдегі өмір жолы мен саяси қуғын-сүргін жылдарындағы тағдыры қарастырылады. ХІХ ғасырда Ресей империясы хандық билікті жойып, кейін жүргізген әкімшілік реформалары арқылы қазақ қоғамындағы сұлтандардың саяси ықпалын шектесе, ал кеңес өкіметі тұсында бұрынғы хан әулеттерінің өкілдері «үстем тап» ретінде репрессиялық саясаттың нысанына айналды. Зерттеу барысында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің арнайы мемлекеттік архивінде сақталған Махамбет Бөкейханов пен Сұлтангерей Бөкеевке қатысты жеке істеріндегі архив құжаттары, сондай-ақ ғылыми еңбектер мен өлкетанулық зерттеулер пайдаланылады. Сонымен қатар Ғабдол-Хәкім Бөкейханов туралы openlist.wiki  дереккөзінде жарияланған ресми мәліметтер қолданылады. Мақалада Махамбет Бөкейхановты тәркілеуге қатысты деректер, сондай-ақ Бөкей ханның саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтарының әрқайсысына тағылған айыптар, шығарылған үкімдер мен кейінгі ақтау қорытындылары нақты архивтік материалдар негізінде зерделенеді. Зерттеу нәтижесінде аталған тұлғалардың тағдырынан ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамының қасіреті айқын көрініс табатыны тұжырымдалады.

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Хайдаров Е.Е., Байбулсинова А.С., Мухангалиева Ж.Қ. (2026). БӨКЕЙ ХАННЫҢ РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАҒАН ҰРПАҚТАРЫ. БҚУ хабаршысы, 103(3), 189. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).18