V-VIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ПЕРИФЕРИЯДАҒЫ ТРАНСЕУРОПАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ СОЦИОГЕНЕЗІ ЖӘНЕ ДАМУЫ

  • Гульнар Ануаровна Мамашарипова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
  • Назгуль Кусаиновна Молдабекова Military Institute of Land Forces named after S. Nurmagambetov
  • Галия Сарыбаевна Айдарбекова Оңтустік Қазақстан медицина академиясы
  • Кенже Ускенбаевна Торланбаева «Туран» университеті
  • Асемкул Сейтжаппаровна Еркинбекова Мирас университеті
Ключові слова: социогенез, қоңыс аудару, археология, палеогенетика, Балқан, Балтық, Скандинавия.

Анотація

V-VIII ғасырлар кезеңі жаппай көші-қон үдерістерімен сипатталатын ерте ортағасырлық Еуропаның қалыптасуының негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Тарихнамада бұл үдерістерді зерттеу негізінен бұрынғы Рим империясының аумақтарына бағытталған, ал Еуропаның шеткі аймақтары көбінесе автономды түрде қарастырылған. Бұл зерттеу V-VIII ғасырлардағы Балқан, Балтық жағалауы және Скандинавия аймақтарындағы трансеуропалық байланыстардың социогенезі мен даму заңдылықтарын анықтауға бағытталған, зерттеудің бастапқы негізі Византия, латын және ерте ортағасырлық авторлардың жазбаша дәлелдері, археологиялық зерттеу материалдары, тарихи климатология және палеогенетика зерттеу әдістері құрайды.
Қарастырылып отырған өңірлерде әлеуметтік құрылымдар мен саяси институттардың қалыптасуы, табиғи географиялық ортаның ерекшеліктерімен, сыртқы байланыстардың қарқындылығымен және трансеуропалық коммуникацияларға қосылу дәрежесімен анықталған әртүрлі траекториялар бойынша жүргізілгені анықталады.
Балқан аймағы Византия империясымен тікелей өзара әрекеттесу жағдайында дамыды. Балтық жағалауы сауда байланыстарын кеңейту кезінде жергілікті тайпалық құрылымдардың тұрақтылығын сақтады. Ал Скандинавия әскери саяси элитаның шоғырлануы және Викинг дәуірінен кейнгі кеңеюінің алғышарттарын жасаған теңіз коммуникацияларының дамуы болды.

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Мамашарипова , Г. А., Молдабекова , Н. К., Айдарбекова , Г. С., Торланбаева , К. У., & Еркинбекова , А. С. (2026). V-VIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ПЕРИФЕРИЯДАҒЫ ТРАНСЕУРОПАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ СОЦИОГЕНЕЗІ ЖӘНЕ ДАМУЫ. БҚУ хабаршысы, 103(3), 111. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).12