MEDICAL AND GEOGRAPHICAL ANALYSIS OF THE EFFECT OF HYDROGEN SULFIDE AIR POLLUTION ON RESPIRATORY DISEASE IN THE POPULATION OF ATYRAU
АТЫРАУ ХАЛҚЫНЫҢ ТЫНЫС АЛУ АУРУЛАРЫНА КҮКІРТСУТЕГІМЕН АУАНЫҢ ЛАСТАНУ ӘСЕРІН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Анотація
Аңдатпа. Мақалада Атырау қаласы халқының денсаулық жағдайына атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластануының әсері қарастырылып, зерттелді. 2022–2024 жылдарға арналған халықтың әртүрлі жас топтары арасындағы тыныс алу органдары ауруларының көрсеткіштерімен атмосфералық ауадағы күкіртті сутегінің концентрациясы туралы мәліметтерді салыстыруды қамтитын медициналық-географиялық талдау жүргізілді. Осы мақсатта қаладағы бес ірі өнеркәсіптік нысанның жанынан зерттеу үшін сынамалар алынып, зертханалық талдаулар жүргізілді. Зерттеулер қаланың өнеркәсіптік аудандарында іріктелген барлық дерлік сынамаларда күкіртсутектің шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) артуының тұрақты үрдісін анықтады, сондай-ақ тыныс алу ауруларының, әсіресе балалар мен ересектер арасында өсуі байқалады. Алынған нәтижелер атмосфералық ауаның сапасы мен халық денсаулығының жай-күйі арасындағы өзара байланыстың болуын растайды, бұл Атыраудың өнеркәсіптік аймақтарында экологиялық мониторинг пен санитарлық-гигиеналық іс-шараларды күшейту қажеттігін көрсетеді. Қалада, санитарлық-қорғау аймақтарында қаланы көркейту бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды мұқият жүргізіп, тұрғындардың тыныс жолдары ауруларының алдын алуды жүйелі түрде жүргізу қажет.
