ҚОҒАМДЫҚ WI-FI ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ТУРИСТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ AI-БАҒДАРЛАМАЛЫ МОНИТОРИНГТЕУ
Аннотация
Мақалада туристік ағымдарды талдаудың тиімді құралы ретінде қоғамдық Wi-Fi деректері мен жасанды интеллект (AI) алгоритмдерінің интеграциясына негізделген цифрлық мониторинг моделі ұсынылады. Дәстүрлі есепке алу әдістерінің шектеулерін еңсеру мақсатында, зерттеуде device-free tracking технологиясы, MAC-адрестерді SHA-256 хэштеу арқылы анонимдеу және DBSCAN, LSTM алгоритмдерін қолдану негізделген. Барселонаның smart-тәжірибесі мен wifimap.io ашық деректері базасында Алматы қаласының туристік кластерлеріне (Көктөбе, Панфилов, Шымбұлақ) кеңістіктік-уақыттық талдау жүргізілді. Нәтижесінде қала бойынша туристік жүктеме индексі (0,52) және келушілердің орташа қозғалыс маршруты (6,4 км) есептеліп шығарылды. Бұл тәсіл ресми статистикада көрінбейтін бейресми туристер мен жергілікті қауымдастықтың белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындылары Smart Tourism экожүйесін дамытуға, over-tourism қаупін болжауға және қала бюджетін деректерге (Big Data) сүйене отырып оңтайландыруға ғылыми-практикалық негіз болады.
