БҮРКІТ ЫСҚАҚОВТЫҢ ƏДЕБИ МҰРАСЫН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚАМТЫЛУЫ
Аннотация
Аталмыш мақалада қазақ ақыны Бүркіт Ысқақовтың
шығармашылығын жалпы орта білім беру бағдарламасына енгізудің ғылыми-
əдістемелік негіздері қарастырылады. Ақынның поэзиясындағы табиғат лирикасы,
патриоттық сарындағы жəне адамгершілік тақырыптардағы өлеңдер мазмұнына
талдау жасалады. Зерттеу барысында мазмұндық талдау, пəнаралық интеграция
жəне педагогикалық эксперимент əдістері қолданылды. Ұсынылған əдістемелік
модель оқушылардың ұлттық құндылықтарды, эстетикалық талғамды жəне тілдік
қабілеттерді дамытуға бағытталған.
