ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛІН БАҒАЛАУ

  • Дакиева К.Ж., Садыканова Г.Е., Құмарбекұлы С. Казахский агротехнический исследовательский университет имени С. Сейфуллина
Ключові слова: Өндірістің қолайсыз факторлары, калликреин-кинин жүйесінің көрсеткіштері, негізгі цехтардың жұмысшылары, кәсіби тәуекелдер.

Анотація

Жұмысшылардың денсаулығын бағалау өндіріс факторларының әсерінен организмдегі ерте өзгерістерді анықтаудың ғылыми тәсілдерін әзірлеуді талап етеді. Ғылыми әдебиеттерде титан - магний өндірісінің қолайсыз уытты факторларының ағзаға әсері өте аз кездеседі. Қазіргі уақытта донозологиялық диагностика мәселелері өзекті бола түсуде және әдістер белсенді түрде әзірленуде. Донозологиялық жағдайлардың қалыптасуында тіндік метаболизмге үлкен рөл беріледі. Өндірістік факторлардың созылмалы стресстік әсері қан айналымын реттеудің өзгеруіне әкеледі. Біз Өскемен титан - магний комбинатының (ӨТМК) улы химикаттарының жұмысшылардың ағзасына әсерін, атап айтқанда, осы кәсіпорындағы жұмыс өтіліне байланысты негізгі цехтардың каллекреин-кинин жүйесінің көрсеткіштерін зерттедік, кининоген мен прекалллекреиногеннің деңгейін, кининаза мен калликреиннің белсенділігін анықтадық. Өндірістік факторлардың жұмысшылар ағзасына әсері кезінде калликреин-кинин жүйесінің белсенділігі артып, бұл еңбек өтілі мен цехқа байланысты өзгеретіні анықталды, олар барлық органдар мен тіндерде болады, жергілікті және жалпы қан ағымының химиялық реттегіштерінің рөлін атқарады. Біз жүргізген зерттеулер жұмысшылардың ағзасындағы өзгерістерді ерте анықтау және кешенді емдеу процедураларын жүргізу үшін қажет, кәсіби аурулардың дамуына жол бермейді.

Жарияланды:
2025-09-25
Бөлім
Экология