ОРЫС ШЕНЕУНІКТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ТҰТҚЫНДА БОЛҒАН КЕЗІНДЕГІ ЖАЗБАЛАРЫНАН (ХVIII Ғ.АЯҒЫ МЕН XIX Ғ. БАСЫ, АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Анотація
Аңдатпа. Мақалада қазақ даласында тұтқында болған кезіндегі орыс шенеуніктерінің жазбалары, қазақ өлкесіне қатысты қалдырған күнделікті өмір сүру дағдысына байланысты ақпараттары туралы. Берілген мәліметтер негізінде салыстырмалы талдау жасап, сараланды. ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқы туралы жазылған көптеген еңбектер, жазбалар, естеліктер, күнделіктер бір сарында жазылды десе де болады. Орыс зерттеушілерінің күнделіктері мен естеліктеріндегі қазақ халқына берген сипатының мазмұны қаншалықты шынайы екендігіне көзімізді жеткізуіміз үшін оларды жан-жақты зерттеп, талданды.
Зерттеу жұмысында орыс шенеуніктерінің қазақ даласында тұтқында болған кезеңіне қатысты жазбалар архивтік құжаттар негізінде қарастырылып, қазақ халқының тұтқынға түскен адамдарға деген көзқарасы мен қарым-қатынасы осы деректер арқылы талданады. Бұл бағытта экспедициялық есептер, саяхатшылардың күнделіктері мен естеліктері маңызды дереккөз ретінде пайдаланылды. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәліметтер сол жазбаларда кеңінен сипатталған.
Аталған материалдар ғылыми жұмыс барысында әртүрлі архивтер мен сирек қорлардан зерттеу арқылы жинақталды. Сол құжаттардың бірі — орыс шенеуніктерінің қазақтар туралы қалдырған жазбалары. Әсіресе, қазақ даласына алғашқылардың бірі болып келіп, қазақтар тарапынан тұтқынға алынған дәрігер әрі орыс офицері Савва Большойдың жазбалары ерекше назарға алынған. Оның жазбаларында сол кезеңдегі қазақ қоғамының тыныс-тіршілігі, әлеуметтік қарым-қатынастары мен адамгершілік ұстанымдары жан-жақты сипатталады.
