ВЕРБАЛДЫҚ ЕМЕС КОММУНИКАЦИЯ МЕН КРЕОЛИЗАЦИЯЛАНҒАН МӘТІННІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ИНТЕГРАЦИЯСЫ: КОМИКСТЕР, МАНГА ЖӘНЕ МАНХВА ВИЗУАЛДЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

  • Утегенова К.Т., Жұбай Д.А. ЗКУ им.М.Утемисова
Ключові слова: Кілт сөздер: креолизацияланған мәтін; мәдениетаралық коммуникация; комикстер; манга; манхва; визуалды элементтер; вербалды компоненттер.

Анотація

Аңдатпа. Бұл мақалада креолизацияланған мәтіннің вербалды және вербалды емес элементтерді біртұтас мағыналық жүйеге біріктіретін мәдениетаралық коммуникация құралы ретіндегі рөлі қарастырылады. Креолизацияланған мәтіннің тұжырымдамасы, оның құрылымы және ақпаратты жеткізудегі визуалды компоненттердің маңызы талданады. Әсіресе, комикстер, манга және манхва сияқты креолизацияланған мәтіндердің мәдениетаралық өзара әрекеттестікті жақсартуға ықпалына ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері тілдік және графикалық құралдардың үйлесімі ақпаратты қабылдауды жеңілдетіп қана қоймай, әртүрлі мәдениеттер өкілдеріне түсінікті жаңа коммуникация тәсілдерін қалыптастыратынын көрсетті. Вербалды және визуалды компоненттердің өзара әрекеттесуінің негізгі түрлері анықталып, олардың хабарламаларды интерпретациялауға әсері сипатталды. Креолизацияланған мәтіндердің қазіргі ақпараттық қоғамдағы маңыздылығы және тілдік кедергілерді жеңудегі әлеуеті туралы қорытынды жасалды.

Жарияланды:
2025-09-25
Бөлім
Филология