ҚОҚАН БЕКІНІСІ ЖҮЛЕКТІҢ 1858-1861 ЖЖ. РЕСЕЙ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ ЖЫЛЖУЫНДАҒЫ РӨЛІ
Анотація
Мақалада 1858-1861 жылдар аралығында Ресей империясының Түркістан өңіріне ілгерілеуі контексінде қоқандық Жүлек бекінісінің әскери-стратегиялық және саяси маңызы талданады. Архивтік деректер, мемуарлық және ғылыми әдебиет, сондай-ақ әскери тұлғалардың жазбалары негізінде Жүлек бекінісінің Сырдария және Сібір әскери желілерін біріктіру жолындағы империялық стратегияны іске асырудағы маңызды рөлі зерттеледі. Қазақ ақсүйектерінің Ресей әскерлерін ақпараттық және логистикалық қамтамасыз ету ісіндегі белсенді қатысуына ерекше назар аударылады. Мақалада Жүлек тек жәй бекініс ретінде емес, Ташкентті басып алуға бағытталған үлкен жорықтың барысын айқындаған маңызды әскери-инфрақұрылымдық тірек нүктесі ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл зерттеу тарихнамада мұндай бекіністердің маңызын көрсетпеуі Орталық Азиядағы империялық жаулап алуға қатысты көзқарасты қайта қарауды қажет ететінін дәлелдейді.
