ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУЛЫ ТОҒАЙЛАРЫНДАҒЫ POPULUS L. ТУЫСЫ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ ТУРАЛЫ
Анотація
Мақалада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы тоғайларда Populus L. туысы өкілдерінің түрлік алуандығы мен таралуын нақтылау бойынша әдеби, гербарий материалдары мен авторлардың жеке зерттеулерінің нәтижелеріне талдау жасалған. Өткен ғасырдың ортасынан бастап екі ең маңызды түрдің номенклатурасының динамикасы көрсетілген. P. macrocarpa (P. talassica) қатысуымен өсімдік қауымдастықтары Жоңғар Алатауынан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі өзен аңғарларында теңіз деңгейінен 1200-2200 м биіктікте кездеседі. P. afganica қатысуымен қауымдастықтар біздің бақылауымызда Бадам, Ақсу, Бостұрғай (Батыс Тянь-Шань) және Шарын (Солтүстік Тянь-Шаньның етегінде) өзен аңғарларында теңіз деңгейінен 961-1160 м биіктік аралығында тіркелген. Аталған түрлерді терең зерттеу мақсатында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы аймақтардың әртүрлі географиялық популяцияларынан алынған үлгілердің молекулалық-генетикалық сәйкестендіруін жүргізу қажет.
