«ҮШ ЖҮЗ» ҰЛТТЫҚ – САЯСИ ПАРТИЯСЫНЫҢ ОТАНДЫҚ ТАРИХТА ЗЕРТТЕЛУ АСПЕКТІЛЕРІ
Ключові слова:
Кілт сөздер: Қазақстан; «Үш жүз» ұлттық саяси партиясы; тарихнама; саяси күш; ХХ ғасыр; саяси үрдіс; тәуелсіздік; ғылыми көзқарас; парадигма.
Анотація
Аңдатпа. Мақалада ХХ ғасырдың басында Қазақстанда болған саяси үрдістерде үлкен рөл атқарған «Үш жүз» ұлттық саяси партиясының отандық тарихта зерттелуі туралы ғылыми тұжырымдар қарастырылады. Кеңестік тарихнамада ұлттық саяси күштерді зерттеу ісі, ең көп қаралған тарихи ғылыми мәселелердің бірі болды. Тәуелсіздік тарихы ХХ ғасырдағы ұлттық саяси күштерді зерттеу ісіне жаңа ғылыми көзқарастар мен парадигмалар әкелді. Берілген мақалада «Үш жүз» ұлттық саяси партиясының отандық тарихта зерттелуіне қатысты кеңестік тарихнама мен Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасының ғылыми тұжырымдары салыстырмалы талдау арқылы зерттеу іске асырылды.
