ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ ТІЛДІК ЖАҒДАЯТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Анотація
Аңдатпа. Мақала Қазақстан Республикасының батыс өңіріндегі тілдік жағдаятты зерттеуге арналған. Мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің өзара ықпалдастығы қазіргі әлеуметтік лингвистикалық үрдістер мен жаһандану үдерістерін бейнелейді. Зерттеудің мақсаты – студент жастардың көптілді тәжірибесін және қалалардың тілдік ландшафтын талдау арқылы аймақтағы тілдік жағдаяттың динамикасына және тілдердің мәртебесіне ықпал ететін факторларды анықтау. Эмпирикалық негіз ретінде төрт облыс орталығындағы студенттердің үштілді әңгімелерінің аудиожазбалары, 40 жартылай құрылымдалған сұхбат, сондай-ақ қалалық кеңістіктегі 4628 жазба бірлік алынды. Зерттеу барысында контент-талдау, семантикалық және прагматикалық талдау, сандық есептеу және этнографиялық сұхбат әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде студенттердің сөйлеуінде орыс-қазақ гибридті формалары басым екені, ағылшын тілінің көбінесе мәртебелік-престиждік қызмет атқаратындығы, ал қазақ тілінің негізгі мәдени сәйкестік маркері болып қала беретіндігі анықталды. Аймақтың тілдік ландшафтында ақпараттың 69%-ы орыс тілінде, 24%-ы ағылшын тілінде және небары 7%-ы қазақ тілінде берілгені анықталды, бұл қалалық кеңістіктегі тіл саясатының асимметриясын көрсетеді. Алынған нәтижелер тілдік жағдайятты объективті бағалауға және мемлекеттік тілдің рөлін нығайта отырып, этносаралық келісім мен мәдени әртүрлілікті сақтауға бағытталған тіл саясатын жетілдіруге арналған ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
