ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЛАНДШАФТАРЫ

  • Мазбаев О.Б., Махсат Алпысбес., Табулдин Гизат, Абдулхайров А., Изенбаев Б.Ж. ЕНу имени Л.Н.Гумилева
Ключові слова: Великая степь, Улус Чагатая, казахи, Жетысу, Восточный Туркестан, моголы, Казахское ханство, Дешт-и-Кыпчак, Могулистан.

Анотація

Мақалада Ұлы Даланың тарихи-мәдени ландшафттарына шолу жасалады. Ұлы Дала – Еуразияның шөл, дала, орманды дала және таулы аймақтарын қамтитын кең табиғи-географиялық кеңістік. Жылқыны қолға үйрету мен көшпелі мал шаруашылығы осы кеңістікте өркениет дамуына негіз болды. Көшпелі мәдениет түрлі этностар мен мәдениеттердің байланысын күшейтіп, бұл үрдіс хунну, түркі және Шыңғыс хан империялары дәуірінде жалғасын тапты. Ұлы Даланың бай табиғи және мәдени мұрасы Қазақ хандығының құрылуына тікелей ықпал етіп, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен саяси дамуын айқындады. Түркі қағанаты, Жошы Ұлысы (Алтын Орда) және Қазақ хандығы дәуірлеріндегі тарихи сабақтастық осы аймақтың саяси-мәдени рөлін арттыра түсті. Тарихи деректер мен археологиялық зерттеулер Ұлы Дала қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен этно-мәдени бірлігінің қалыптасуын түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жарияланды:
2025-09-25