ФОСФОР ҚОСЫЛЫСТАРЫ НЕГІЗІНДЕГІ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ИНГИБИТОРЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ БОЛАТТЫҢ КОРРОЗИЯСЫНА ҚАРСЫ ТИІМДІЛІГІ

  • Tанагөз Мұхтар магистрант, биология, география және химия мұғалімдерін дайындауға арналған БББ, М.Өтемісов атындағы БҚУ, Орал қ., Қазақстан, tanamuhtar@gmail.com
  • Гулия Сдикова Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, биология, география және химия мұғалімдерін дайындауға арналған БББ, М.Өтемісов атындағы БҚУ, Орал қ., Қазақстан, sdikova.guliya@mail.ru
  • Назгуль Далабаева Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы қ., Қазақстан
Ключові слова: коррозия; болат; бейорганикалық ингибитор; натрий ортофосфаты; қорғаныс қабықша; коррозия жылдамдығы; экологиялық қауіпсіздік; агрессивті орта.

Анотація

Мақалада болаттың коррозияға ұшырауын бәсеңдету үшін фосфор қосылыстары негізіндегі бейорганикалық ингибиторлардың тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі зерттеледі. Натрий ортофосфаты (Na₃PO₄) және оның туындылары коррозияны тежейтін қорғаныс қабықшаларын түзе отырып, болаттың бетін агрессивті ортадан оқшаулайды. Зерттеу барысында гравиметриялық әдіс арқылы коррозия жылдамдығы анықталып, әртүрлі концентрациядағы ингибитор ерітінділерінің әсері салыстырылды. Сонымен қатар, қолданылған фосфатты ингибиторлардың қоршаған ортаға әсері талданып, улы қалдықтардың түзілмейтіні, яғни олардың экологиялық қауіпсіздігі дәлелденді. Нәтижелер фосфор негізіндегі бейорганикалық ингибиторларды металл құрылымдарын қорғауда тиімді әрі экологиялық балама ретінде пайдалануға болатынын көрсетті. Бұл зерттеу экологияға зияны аз технологияларды дамытуға үлес қосады.

Жарияланды:
2025-09-25
Бөлім
Экология