COLONIZATION, TOPONYMY AND THE TRANSFORMATION OF HISTORICAL MEMORY: CHALLENGES TO KAZAKHSTAN'S IDENTITY

  • Aitenov Zhassulan, Baishov Bakyt, Orazayeva Zhazira, Alikulova Nurlygul, Eskaliev Samat ЕНУ
Ключові слова: Отарлау, топонимика, тарихи жады, тұлға, Қазақстан, трансформация, мәдени мұра.

Анотація

Аңдатпа. Отарлау және оның ұлттық болмыстың дамуына әсері тақырыбы Қазақстан тарихын зерттеудің маңызды аспектісі болып табылады. Ресей империясы мен КСРО-ның Қазақстан аумағын отарлауы кезінде саяси-әлеуметтік құрылымдар ғана емес, мәдени жадының элементтері, оның ішінде топонимика да өзгерді. Топонимика тарихи-мәдени болмыстың көрінісі ретінде отаршылдық кезеңінде өзгерістерге ұшырап, тарихи өткенді және ұлттық болмысты қабылдауға әсер етті. Топонимдерді өзгерту, тарихи атауларды жою және оларды Кеңес өкіметімен байланысты жаңа атаулармен ауыстыру процесі кең ауқымды құбылыс – тарихи жадының өзгеруіне айналды. Бұл үдеріс біртұтас кеңестік бірегейлікті құруға бағытталды, бірақ сонымен бірге қазақ болмысының сақталуы мен өзгеруіне ұзақ мерзімді салдары болды. Осы жылдар ішінде тарихи топонимдер қайта оралып, жоғалған жады қалпына келтіріліп, ұлттық бірегейлікті нығайтудың жаңа жолдарын іздеу болды. Зерттеу барысында тарихи-архивтік талдау, топонимикалық зерттеу, салыстырмалы тарихи әдіс әдістері қолданылды. Мұрағат материалдары, құжаттар, карталар талданып, топонимдердің әр түрлі тарихи дәуірлердегі өзгерістеріне салыстырмалы талдау жасалады. Мазмұнды талдау отарлаудың мәдени жады мен сәйкестілікке әсерін зерттеу үшін де қолданылады. Мақалада топонимдердің отарлану және өзгеру процестерінің қазақ халқының ұжымдық жадына қалай әсер еткені қарастырылады, сонымен қатар жаһандану мен тарихи трансформация жағдайында оның ұлттық бірегейлігін сақтау және дамыту тұрғысында қазіргі Қазақстанның алдында тұрған міндеттер талданады.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Тарих