ASIAN APPROACHES TO SMOG CONTROL: LESSONS FROM CHINA AND INDIA FOR STRENGTHENING KAZAKHSTAN’S AIR QUALITY STRATEGY
Анотація
Мақалада Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасын жүйелі басқарудың (Air Quality Management, AQM) қажеттілігі негізделеді: Азия тәжірибелері — Қытай мен Үндістан — салыстырмалы талдауы негізінде олардың ұлттық институционалдық ортаға бейімделуі бағаланады.
Нормативтік актілер мен стратегияларға, мониторинг деректеріне, рецензияланған зерттеулер мен салалық есептерге жүргізілген пәнаралық шолу негізінде, ластануға ең көп үлес қосатындар – тұрмыстық және коммуналдық қатты отынмен жылыту, өнеркәсіп және көлік екені көрсетілді; метеорологиялық факторлар (қыс мезгілінде шекаралық қабаттың төмен болуы) мен халықтың мінез-құлық ерекшеліктері смог эпизодтарының жиілеуіне және соған байланысты денсаулыққа төнетін қауіптердің артуына ықпал етеді.
Мониторинг желісін қамтудағы және сапаны қамтамасыз ету/сапаны бақылауда (QA/QC бойынша сапаны қамтамасыз ету/сапаны бақылау) олқылықтар бары анықталды, сондай-ақ агенттіктер мен үкімет деңгейлері арасындағы үйлестірудегі кемшіліктер бар екені байқалды, бұл жағдайлар BAT (ең үздік қолжетімді технологиялар) және үздіксіз эмиссияларды бақылау жүйелерінің (CEMS) ауқымын кеңейтуде бәсеңдетуші факторлар екені анықталды.
Қытайдың вертикалды үлгісі (қатаң есептілік және орталықтандырылған мониторинг) мен Үндістанның көпдеңгейлі тәсілдерін (NCAP - Ұлттық таза ауа бағдарламасы, GRAP - Деңгейлендірілген әрекет ету жоспары, NAMP - Ауа сапасын бақылаудың ұлттық бағдарламасы /CAAQMS - Қоршаған ауаның сапасын үздіксіз бақылау станциялары) салыстыру негізінде Қазақстан үшін аралас модель ұсынылады. Нақтырақ айтсақ: негізгі нысандарда міндетті үздіксіз эмиссияларды бақылау жүйелерін (CEMS) орнату талап ететін ұлттық стандарттар мен біріктірілген рұқсаттарды беру; жылыту жүйесін декарбонизациялауға және автопаркті жаңартуға басымдық беретін қалалық жоспарлар; өлшеу, есеп беру және верификация жүйесі (MRV) жүйесін үйлестіру және ашық деректерді кеңейту; инспекцияның есептілігі мен нәтиже көрсеткіштерін жақсарту.
Осы үлгіні жүзеге асыру халық денсаулығын жақсартуға, экономикалық шығындарды азайтуға, тұрақтылық пен қоғамдық сенімді арттыруға және таза ауаны ұлттық басымдық ретінде бекітуге мүмкіндік береді.
