CARBON POTENTIAL OF ECOSYSTEMS: THE ROLE OF SOILS AND VEGETATION IN REGULATING THE CARBON CYCLE
Анотація
Бұл зерттеуде экожүйелердің көміртек әлеуеті қарастырылып, көміртек айналымын реттеудегі топырақ пен өсімдіктердің функционалдық рөлі талданады. Солтүстік Қазақстанның дала, шабындық және агроландшафттық экожүйелеріндегі органикалық көміртектің жиналуы мен бөліну динамикасына ерекше назар аударылды. Геоақпараттық технологиялар, қашықтан зондтау деректері және зертханалық талдауларды біріктіру арқылы NDVI вегетациялық индексі мен топырақтағы органикалық көміртек мөлшері арасындағы өзара байланыс анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша топырақ ең ірі көміртек қоймасы болып табылатыны, ал өсімдіктер көміртек ағынындағы негізгі реттеуші рөл атқаратыны дәлелденді. Жұмыста көміртекті секвестрациялауды арттыру және парниктік газдардың шығарындыларын азайту мақсатында тұрақты жер пайдалану тәжірибелерінің және жайылым айналымы жүйелерінің маңыздылығы атап өтіледі.
