ҚАЗАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ УӘЛИТХАН ТАНАШЕВТЫҢ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ
Анотація
Аңдатпа. Мақалада Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер әрі мемлекет қайраткері Уәлитхан Шарафетдинұлы Танашевтың (1887–1968) өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты баяндалады. Автор оның Ішкі Бөкей ордасының дәулетті Танашевтар әулетінде дүниеге келіп, Астрахан ерлер гимназиясында орта білім алып, Қазан университетінің медицина және заң факультеттерінде оқығанын айқындайды. У.Танашевтың Қазан қаласындағы мұсылман зиялылары ортасындағы белсенділігі, «Шығыс клубы» жұмысына қатысуы, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Бөкей, Орынбор, Мәскеу, Петроградтағы қазақ және мұсылман съездеріне, «Алаш» партиясының құрылуына және Алашорда үкіметінің қызметіне қосқан үлесі нақты деректер арқылы көрсетілген. Кеңес өкіметі жылдарында оның Қазақ АКСР-ін ұйымдастыру, әділет және жер мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет атқаруы, 1921–1922 жж. ашаршылықпен күреске қатысуы сипатталады. Сонымен қатар, 1937–1939 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, лагерь мен жер аудару азаптары, кейінгі ақталуы және өмірінің соңғы кезеңдері баяндалады. Мақала У. Танашевтың қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы және ұлт зиялыларының тағдырындағы тарихи рөлін архив деректері негізінде ашып көрсетеді.
