ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕПОРТАЦИЯЛАУ МƏСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

  • Ибрагимов М.А., Исмаилов С.С., Айтмухамбетов А.А, Жандаулетов Т.Т. вуз
Ключові слова: Халық, депортация, қуғын-сүргін, Орталық Қазақстан, география, бейімделу, құқық, кавказ, неміс халқы, мұрағат, еңбек.

Анотація

Көрсетілген мақалада XX ғасырдың 30-50-жылдарындағы Кеңестік биліктің  жаппай халықтарды Қазақстанға депортациялау мәселесінің тарихнамасы қарастырылған. Мақаланы жазу кезінде үлкен қызығушылық танытып, отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері қолданылып талдау жасалды. Зерттеу барысында қуғынға ұшыраған халықтардың географиялық орналасуы, әлеуметтік-құқықтық жағдайы, олардың жергілікті жерге бейімделуі талданып, тақырыптың негізгі өзектілігіне негізделді. Сондай-ақ тарихи деректерді сипаттау және талдау мақсатында материалдарды кезеңдерге бөлу тәсілдері қолданылды. Зерттеу жұмысының мақсаты – депортация тақырыбындағы материалдармен танысып, арнайы жер аударылған халықтардың тағдыры, бейімделуін, қолданылған материалдарға талдау жасау. Арнайы қоныстанушылар бұл – Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен күштеп көшірілген әртүрлі ұлт өкілдері болатын. Қазақстан аумағына қоныс аударғандардың саны туралы деректердің жүйесіздігі, халықты есепке алу әдістерінің жетілмегендігі немесе мүлде болмауы – Қазақстан аумағына нақты қанша адам келгенін анықтауға мүмкіндік бермейді. Жаппай депортациялар өңірдің демографиялық жағдайын өзгертіп қана қоймай, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық дерлік саласына әсер етті. Қазақстан жері еріксіз түрде әртүрлі халықтар үшін түрмеге айналды. Мақалада бұл зерттеуге терең талдау жасалды. Бұл еңбек отандық тарих мәселелеріне қызығушылық танытатын кең ауқымды зерттеушілерге бағыт береді.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Тарих