THE ALASH MOVEMENT IN EASTERN KAZAKHSTAN: SEMEY AS A POLITICAL AND CULTURAL CENTRE OF KAZAKH NATIONAL AUTONOMY (1905–1920)
Анотація
Аңдатпа. Бұл мақалада ХХ ғасырдың басында Шығыс Қазақстанда, әсіресе Семей өңірінде қалыптасқан Алаш қозғалысының саяси, әлеуметтік және мәдени міндеттерді жүзеге асырудағы тарихи рөлі жан-жақты талданады. Зерттеу барысында 1905–1920 жылдар аралығындағы аймақтық саяси процестер, облыстық және уездік қазақ съездерінің шешімдері, Алашорда үкіметінің құрылуы және оның шығыс бөлімшесінің қызметі архивтік құжаттар, мерзімді баспасөз және ғылыми еңбектер негізінде қайта қарастырылып, жүйеленді. Әсіресе Семей қаласының Алаш автономиясының уақытша астанасы ретінде атқарған қызметі, ұлттық әскердің жасақталуы, жер мәселесіне қатысты шешімдер және зиялы қауымның ағартушылық бастамалары саяси жаңғырудың маңызды көрсеткіштері ретінде бағаланады.
Мақалада Алаш көсемдерінің Қытайдың Шәуешек қаласымен байланыс орнату әрекеттері, Шығыс Түркістандағы қазақтармен ықпалдастықты дамытуға бағытталған дипломатиялық қадамдары да талданады. Азамат соғысы жағдайында Алашорда басшылығының ақтарменн және кейінірек Кеңес билігімен арақатынасына жасалған тарихи-құқықтық баға қозғалыстың тактикалық шешімдерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері Шығыс Қазақстандағы Алаш қозғалысының жалпыұлттық автономия идеясының қалыптасуына, ұлттық сананың оянуына және мемлекеттік институттардың алғашқы нұсқаларын құруға шешуші үлес қосқанын көрсетеді.
Кілт сөздер: Алаш қозғалысы, Семей, Алашорда, ұлттық автономия, Шығыс Қазақстан, архивтік деректер, съездер, Азамат соғысы, ұлттық зиялылар.
