ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ТІЛ САЯСАТЫ: ТЕРМИНОЛОГИЯ БІЛІК ТЕҢДЕСІНЕ ӘСЕР ЕТУІ (ШЫҰ, ҰҚШҰ, БҰҰ)

  • Садыкова А. В. ЗКУ им. М.Утемисова
Ключові слова: Кілт сөздер: тіл саясаты, терминология, халықаралық ұйымдар, ШЫҰ, ҰҚШҰ, БҰҰ, күштер тепе-теңдігі, жұмсақ күш, дискурс.

Анотація

Аңдатпа. Мақалада халықаралық ұйымдардағы күштердің бөлінісіне тіл мен терминологияның ықпалы зерттеледі. ШЫҰ, ҰҚШҰ және БҰҰ мысалында ресми құжаттардағы сөз таңдауы тек техникалық мәселе емес, саяси ықпал ету тетігі екені көрсетілген. Құжаттарға жүргізілген салыстырмалы талдау Қытайдың ШЫҰ-дағы позициясының күшеюі қытай терминологиясының артуымен қатар жүретінін, ҰҚШҰ-да орыс тілінің үстемдігі сақталатынын, ал БҰҰ-да ағылшын тілінің жетекші рөлде екенін айқындайды. Бұл құжаттардың интерпретациясында мемлекеттер арасында теңсіздік туындатады. Тілдік бәсекелестік жағдайында Қырғызстан сияқты шағын мемлекеттер үшін туындайтын қиындықтарға ерекше назар аударылған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – терминологияның билік дискурсын қалыптастыруға әсер ететін лингвосаяси тетіктерін айқындауында. Жұмыстың практикалық маңызы – шағын мемлекеттердің тілдік егемендігін нығайту мақсатында дипломатиялық терминологияны үйлестіру стратегиясын ұсынуда.

Жарияланды:
2025-12-25
Бөлім
Филология