ЛАТВИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Анотація
Мақаланың мазмұны Латвия Республикасының кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі, әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына жан-жақты сипаттама беріледі. Латвия Республикасы Балтық теңізі жағалауында орналасқан теңізге, ұлы мұхитарға шығатын жолы бар мемлекеттердің бірі. Физикалық географиялық тұрғыда тиімді орналасуы мемлекеттің экономикалық тұрғыда дамуына өте қолайлы жағдай туындатып отыр. Латвия Дүниежүзілік сауда ұйымына ресми түрде 1999 жылы ақпанда қосылды. Сыртқы саясаттағы басты мақсат ЕО мүшелігіне 2004 жылы қол жеткізді. ЕО мүше болу Еуропа елдерімен сауда-саттық байланыс жасауына тиімді, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да өз ықпалын тигізеді.
Мақала барысында Латвия Республикасына жалпы физика-географиялық сипаттама беріледі. Сонымен қатар табиғи ресурстарының таралуы, халқы, этникалық құрамы, шаруашылық құрылымының территориялық ұйымдастырылуы (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм және ішкі экономикалық байланыс) және республиканы Рига, Рига маңы, Видземе, Земгале, Курземе, Латтале деп 6 регионға бөлініп қарастырылады.
Латвияның табиғи ресурстары аз және әртүрлі емес. Негізінен шөгінділік жолмен қалыптасқан минералды құрылыс материалдары құмтас, мергель, доломит, гипс, янтарь, шымтезек, әктас және теңіз қайраңдарында мұнай таралған.
Жүргізілген реформалар мен ЕО-ға бағытталған экономикалық саясаттың нәтижесінде Латвия экономикасының құрылымы айтарлықтай өзгерді. Экономикасының дамуыан үлес қосып отырған маңызды, жетекші сектор болып қызмет көрсету ссаласы болып табылады. Қызмет көрсеті саласы елдің ЖІӨ-нің 70% құрайды.
