ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ: ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ТҰЖЫРЫМДАР
Анотація
Кіріспе. Соңғы жылдары отандық тарих ғылымында мемлекет пен қоғамға елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың өмір жолын зерттеу басты бағыттардың біріне айналды. Ұлттық мүдде жолында қызмет атқарған қайраткерлердің өмірі мен олардың қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі таңда өзекті ғылыми мәселелер қатарында қарастырылуда. Қазіргі таңда Қазақстан тарихында жеке тұлғалардың деректік негізде зерттелуі арқылы жаңа тарихи мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Солардың ішінде кеңестік кезеңдегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен атқарған қызметін зерттеу айрықша маңызға ие. Осы ғылыми мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тарихи деректер жан-жақты қарастырылады. Мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректерді (мұрағаттық құжаттар, естеліктер, мемуарлар, хаттар, жеке құжаттар және т.б.) кешенді түрде жинақтап, жан-жақты ғылыми талдау жүргізу болып табылады.Материалдар мен әдістер. Негізгі дереккөздер ретінде архивтік материалдар, тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты естеліктер, мемуарлар, хат-хабарлар, жеке құжаттар пайдаланылды. Зерттеу барысында тарихи мәні жоғары, мазмұны терең түрлі деңгейдегі деректерге талдау жүргізілді.Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты бұрын белгісіз болып келген тың мәліметтер анықталды. Сонымен қатар, тұлға туралы естеліктерден үзінділер мен архивтік құжаттар ғылыми айналымға енгізіліп, олардың негізінде Жәнібековтің адамгершілік болмысы мен қызмет ерекшеліктері жан-жақты сипатталады.Қорытынды. Бұл зерттеу жұмысында Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты тарихи деректер кешенді түрде қарастырылып, соның нәтижесінде бұрын ғылыми айналымға енбеген жаңа мәліметтер анықталды.
