МҰРАТСАЙ СУ ҚОЙМАСЫ СУЫНДАҒЫ АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫН ТАЛДАУ
Анотація
Су экожүйелеріндегі микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі қазіргі заманның ең өзекті экологиялық әрі медико-биологиялық мәселелерінің бірі болып табылады. Су ортасы антибиотиктерге төзімді бактериялардың жинақталуы мен таралуы үшін маңызды резервуар қызметін атқарады, бұл медицинада, мал шаруашылығында және ауыл шаруашылығында антибактериялық препараттардың қарқынды қолданылуымен байланысты. Аталған зерттеудің мақсаты Батыс Қазақстан облысындағы Мұратсай су қоймасы суында антибиотикке төзімді бактериялардың таралу деңгейін және олардың биологиялық қасиеттерін бағалау болды. Су сынамалары су айдынының беткі қабатынан және тереңдігінен, антропогендік әсері ең жоғары аймақтарда алынды. Бактериологиялық талдау микроорганизмдерді Луриа–Бертани қоректік ортасында өсіруді, морфологиялық және физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін зерттеуді, сондай-ақ бөлінген штаммдардың антибиотиктерге сезімталдығын дискті-диффузиялық әдіспен анықтауды қамтыды. Молекулалық-генетикалық зерттеулерге жарамдылығын растау мақсатында тотальды ДНҚ экстракциясы жүргізіліп, гель-электрофорез әдісімен визуализацияланды. Зерттеу нәтижесінде грамтеріс, қозғалғыш, оксидазаға оң, мезофильді типке жататын, β-лактамды антибиотиктердің бірқатарына төзімді және көп дәріге төзімділік белгілеріне ие бактериялар бөлініп алынды. Ең тиімді препараттар ретінде хинолондар мен амфениколдар анықталса, пенициллиндер мен цефалоспориндер төмен белсенділік көрсетті. Алынған деректер су қоймасына антропогендік ықпалдың айтарлықтай екенін көрсетеді және жерүсті суларында антибиотикке төзімді бактерияларды тұрақты түрде бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды.
