ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ БӨЛІМІН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

  • А.Т. Мусабекова, Ж.Т. Тилекова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Ключові слова: Кілт сөздер: электронды оқулық, мультимедиялық технологиялар, интерактивті тапсырмалар, цифрлық білім беру ресурстары, функционалдық сауаттылық, физикалық география.

Анотація

Аңдатпа. Мақалада география пәнінде электронды оқулық тапсырмаларын құрастыруда мультимедиялық технологияларды қолданудың әдістемесі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту және цифрлық ортада жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты география пәнін оқытуда электронды оқулықтардың мазмұнын мультимедиялық элементтермен толықтыру және оларды сабақ үдерісіне жүйелі енгізу оқытудың тиімділігін арттырудың маңызды бағыты ретінде сипатталады.

            Зерттеудің мақсаты – 7-сынып география оқулығы негізінде электронды оқулық тапсырмаларын құрастыруда мультимедиялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздеу және оның оқушылардың оқу жетістігіне ықпалын диагностикалық деректер арқылы анықтау. Зерттеу барысында электронды оқулықтардың мазмұндық құрылымы, мультимедиялық элементтердің (анимация, бейнефрагмент, интерактивті карта, 3D модель, инфографика, дыбыстық сүйемелдеу) дидактикалық мүмкіндіктері талданды. Сонымен қатар тапсырмалар әзірлеуде көрнекілік, интерактивтілік, жүйелілік, қолжетімділік және оқушы жас ерекшелігіне сәйкестік қағидалары басшылыққа алынды.

              Зерттеу қорытындысы электронды оқулықтағы мультимедиялық тапсырмалар географияны оқытуда оқу материалын түсінуді жеңілдетіп, оқушылардың кеңістіктік ойлауын, логикалық талдау қабілетін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал ететінін дәлелдейді.

Кілт сөздер: электронды оқулық, мультимедиялық технологиялар, интерактивті тапсырмалар, цифрлық білім беру ресурстары, функционалдық сауаттылық, физикалық география.

 

Жарияланды:
2026-03-25
Бөлім
География