KAZAKH «SOCIALISTS»: FROM THE HISTORY OF THE CREATION OF THE «USH ZHUZ» PARTY
Анотація
Аңдатпа. Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында алғаш құрылған «социалшыл» – «Үш жүз» партиясының идеялық бастамалары, бағдарламасы, сонымен бірге жалпы «социал-демократиялық» ұстанымдары архив материалдары мен жарияланған ғылыми зерттеулер негізінде қарастырылады. Тарихтың бетбұрыс кезеңдерінде қоғамның өз өткеніне деген қызығушылығы арта түседі. Өйткені, өткеннен тарихтан біз қазіргі мәселелердің түп-тамырын, сұрақтар мен оларға берілер жауаптарды, болашақты болжаудың негізін іздейміз. Ұзақ уақыт бойы тарих үстем идеологияның мүддесіне сай жазылып, шынайы өмірдің, оның қайшылықты даму үдерістерінің бейнесін толық көрсете алмады. Зерттеудің мақсаты – ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық және демократиялық қозғалыстар тарихына зерттеу жүргізе отырып, соның аясында «Үш жүз» «социалшыл» партиясының құрылу тарихын зерделеу болып табылады. Сонымен бірге, тарих ғылымының прогрессивті дамуының айқындаушы факторларының бірі – тәуелсіздік, азаттық жолында күрескен ұлттық зиялықауым өкілдерінің қызметіне ой жүгірту. Қазақ қоғамындағы интеллигенция өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметтерін архив құжаттары мен жарияланған ғылыми зерттеулер аясында талдап, «Үш жүз» партиясының жүргізген саяси күресінің «социалистік» бағытын анықтау. Заман талабымен құрылған «Үш жүз» партиясы көшбасшыларының «төңкерістен» гөрі «бейбітшілік» ұстанымдары мен тарихи сахнадағы рөліне объективті баға беру. Өздерін шеттетпей, қоғамдық өмірге белсене араласқан «Үш жүз» партиясы қайраткерлерінің қызметі, идеялық бастамалары мен бағдарламалық негіздері – еліміздің өткен тарихының маңызды тұстарының бірі болғанын айқындаймыз.
