THE HISTORY OF THE STUDY OF THE BAYANAUL OUTER DISTRICT

  • Аinur Kairullina*, Abdullah Gündoğdu Международный университет Астана
Ключові слова: Баянауыл, сыртқы округ, болыстық басқарушылар, әкімшілік-басқарушылық жүйе, тарихнама, аға сұлтан, отарлық саясат, Ресей империясы, Шоң би, Мұса Шорманов.

Анотація

Аңдатпа. Аталмыш мақалада Баянауыл сыртқы приказының округтық және болыстық басқару қызметіне қатысты еңбектерге тарихнамалық шолу берілген. 19 ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың нәтижесінде қазақ қоғамының саяси ұйымдасуына байланысты әкімшілік-басқару жүйесі терең өзгерістерге ұшырауда. Басқарудың жаңа жүйесін құру мен Баянауыл аймағы мысалында жергілікті билік органдарын ұйымдастыру бойынша мәліметтер зерделенуде. Революцияға дейінгі кезеңдегі ғылыми еңбектер, кеңестік дәуірде жазылған еңбектер, тәуелсіз Қазақстан ғалымдары шығарған зерттеулер сараланады. Мақаланың негізгі дереккөзі болып тарихи фольклор материалдары, экспедициялық материалдар мен жеке күнделіктер, олардың ішінде саяхатшылардың жол жазбалары, орыс интеллигенциясынан шыққан зерттеушілердің естеліктері, сондай-ақ кеңестік және жаңа кезеңдегі белгілі ғалымдардың монографиялары саналады. Кеңестік дәуірде болыстық басқарушылардың қызметі саяси-идеологиялық көзқарас тұрғысынан қарастырылғаны айқындалған, бірақ барлық материалдар құнарлы деректерді қамтиды.  Тарихнаманық талдау Баянауыл сыртқы округінің қызметі арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылмағанын көрсетеді, сондықтан да мақаланы жазу барысында материалдарды жүйелеу, тарихи деректерге салыстырмалы талдау жасаланды.

Жарияланды:
2026-03-25