МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАРТОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ РӨЛІ

  • Бакеева Ж. М., Халелова Р. А. ЗКУ им. М. Утемисова
Ключові слова: географиялық карта, картография, мектеп географиясы курсы, оқу әрекеті, кеңістіктік ойлау, геоинформатика, цифрлық карталар, географиялық білім беру, картографиялық біліктер

Анотація

Мақалада мектептегі географиялық білім беру жүйесіндегі картография ғылымының рөлі қарастырылады. Географиялық картаның эволюциясына, ғылыми анықтамаларына және «карта» терминінің этимологиясына теориялық талдау жасау арқылы оның таным мен оқытудың әмбебап құралы ретіндегі маңызы ашылады. Жалпы білім беретін мектептің 7–11 сыныптарына арналған география оқулықтарының мазмұнына талдау жүргізіліп, оқушылардың картографиялық және зерттеушілік біліктерінің жүйелі әрі сабақтастық негізде қалыптасуы көрсетіледі. Мектеп географиясы курсында географиялық картаның тек көрнекі құрал ғана емес, оқу әрекетін қалыптастырудың, кеңістіктік ойлауды және талдамалық дағдыларды дамытудың маңызды құралы екені анықталады. Сонымен қатар жоғары сыныптарда оқытылатын цифрлық карталар мен геоақпараттық технологиялардың маңызы ерекше атап өтіледі, бұл картография ғылымының қазіргі даму үрдістері мен білім беруді цифрландыру талаптарына сәйкес келеді.

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Бакеева Ж. М., Халелова Р. А. (2026). МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАРТОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ РӨЛІ . БҚУ хабаршысы, 103(3), 256. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).24
Бөлім
География