ӨНЕРКӘСІПТІК АУМАҚТАРДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ФИТОРЕМЕДИАЦИЯСЫ: ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРҒА БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Анотація
Бұл зерттеуде Web of Science Core Collection дерекқорыннан алынған 2000-2025 жылдар аралығындағы топырақтағы ауыр металдардың фиторемедиациясы тақырыбына қатысты 6832 ғылыми жарияланымдарға библиометриялық талдау жасалды. Мақсаты халықаралық жарияланымдарға библиометриялық талдау жүргізу және Орталық Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін айқындау. Деректерді өңдеу және ғылыми байланыстарды визуализациялау үшін VOSviewer (1.6.20) бағдарламасы пайдаланылды. Графиктер Microsoft Excel бағдарламасының көмегімен жасалды. Жарияланымдардың жылдар бойынша динамикасы келесідей анықталды: 2000-2009 жылдары шамамен 458 мақала, 2010-2017 жылдары шамамен 989 мақала, 2018-2025 жылдары шамамен 5385 мақала жарияланған. VOSviewer арқылы жүргізілген желілік талдау негізінде Қытай (2173 мақала), Үндістан (1460 мақала) және АҚШ (828 мақала) жетекші елдер ретінде айқындалды. Талдау авторлардың аффилиация деректеріне негізделді. Кілт сөздерге жүргізілген кластерлік талдау нәтижесінде «phytoremediation», «heavy metals» және «bioremediation» зерттеу саласының негізгі тақырыптық бағыттарын анықталды. Жүргізілген библиометриялық талдау Орталық Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарында фиторемедиация тәсілдерін қолданудың келесі қадамдарын ұсынады: ластанған аумақтарды карталау, топырақтан ауыр металдарды анықтау, жергілікті климатқа бейімделген өсімдіктерді таңдау және өсімдіктермен сынақ жүргізу.
