ТҮРКІСТАН МҰҚТАРИЯТЫ: ОРТА АЗИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АВТОНОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Анотація
Мақала Алаш ардақтыларының бірі, Түркістан ұлт‑азаттық қозғалысының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың саяси қызметінің бір белесі – Түркістан Мұқтарияты туралы жазылған. Кіріспеде бұл тақырып туралы осы кезге дейін арнайы еңбектерде аз жазылмағаны, алайда автономияның мемлекеттік құрылым ретінде нақты зерделенбегені айтылады. Сол себепті Түркістан Мұқтариятын Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік құрылым ретінде талдау, оның саяси‑әлеуметтік сипаты мен автономия деңгейіндегі қызметін айқындау зерттеудің басты мақсаты болып отыр. Кеңестік жүйе 64 күн өмір сүрген автономияны жойып, бұл уақытта өзінің бар мемлекеттік болмысын толық көрсете алмаса да, Түркістан Мұқтарияты үкіметінің басты көрсеткіштерін жүзеге асыруда біршама жұмыстар атқарылды. Бұл бағыттағы Түркістан мұсылмандары орталық Кеңесінің, оның төрағасы, кейін автономия басшысы болған Мұстафа Шоқай өлке халықтары өкілдерін жұмылдыра отырып, негізгі мақсатқа жетуде ерекше қайраткерлік, ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асырды. Қорытындыда Түркістан Мұқтарияты үкіметінің, тіпті Өлкелік мұсылмандар Кеңесі мүшелерін қалыптастыруда демократиялық бағыттың ұстанылуы, осы арқылы автономияның ішкі тұтастығын сақтауға ұмтылуының саяси мәні мен тарихи тағлымының бүгінгі тәуелсіз Қазақстанмен идеялық сабақтастығы тұжырымдалды.
