ХХ Ғ 20-80 ЖЖ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІ

  • Е.А. Əбіл, Ғ.М. Төлепбергенов, Қ.С. Өскембаев Астана международный университет
Ключові слова: daily life, repression, imam, madrasah,

Анотація

Мақалада өткенғасырдың20-80-ші жж. Солтүстік Қазақстан өңірі қазақтарыныңөңірі қазақтарының күнделікті өміріндегі ислам дінінің рөлі шетелдік(ресейлік) және қазақстандық орталық және жергілікті архив қорлары материалдарынан алынған тарихи дәйектерді негізге ала отырып, тарихи ретроспективалық тұрғыдан талдау жасау арқылы солтүстік өңірдегі ауыл халқының күнделікті өміріндегі ислам дінінің атқарған рөлі зерделеніп, қарастырылады. Қарапайым халықтың өміріндегі дін феномені рөлін қарастыруда тарихи оқиғалардың себеп-салдарын түсінуде, өткен заман фактілерін ретроспективада қарастыру арқасында ХХ ғ. 20-80 жж ауыл адамдарының күнделікті өмірінде орын алған өзгерістердің алғышарттарын бағамдай алдық. Сондай-ақ, зерттелетін тақырып аясында белгілі бір тарихи дәуірді сипаттау арқылы оның ішкі мәндерін ашуда нарративті зерттеу әдісін қолдандық. Тарихи-генетикалық әдісті қолдану барысында тарихи дәуір кезеңдегі қарапайым адамның күнделікті өміріндегі діни әдет-ғұрыптарды қолданудағы ерекшеліктерін айқындап көрсетуге мүмкіндік жасайды.

Мақаланың мақсаты:Кеңес өкіметінің діни руханият саласында жүргізген саясаты әуелден «жаугершіл атеизмге» негізделіп, діни сенім мен дінмен байланысты әдет-ғұрыптарды түп-тамырымен жоюға бағытталса, қарапайым ауыл халқының өкілдері жоғарыдан түсірілген түрлі нұқсқаулар мен идеологиялық шектеулерге қарамастан, діни сенімді өзініңұлттық әдет-ғұрпы мен ұлттық бірегейлігінің бір маңызды сипаты ретінде түсініп, күнделікті өмірінде тұтына берді. Біздің мақсатымыз ХХ ғ. 20-80 жж. солтүстік өңір қазақтарының күнделікті өміріне ислам дінінің қаншалықты ықпал-әсерінің болғандығын, діни-рухани ахуалдың жағдайын анықтап көрсету.

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Е.А. Əбіл, Ғ.М. Төлепбергенов, Қ.С. Өскембаев. (2026). ХХ Ғ 20-80 ЖЖ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІ. БҚУ хабаршысы, 103(3), 121. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).13