ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА УРБАНИЗАЦИЯ ҮРДІСІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Анотація
Бұл мақалада жасанды интеллект бағдарламарын пайдалану арқылы урбанизация үрдісін оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері жан-жақты қарастырылады. Жасанды интеллект бағдарламары урбанизация үрдісін оқытуда білім беру жүйесін жетілдірудің қазіргі кездегі негізгі бағыты болып табылады. Сондықтанда, зерттеудің негізгі нысанасы — урбанизация тақырыбын игеруде жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың тиімді жолдарын тұжырымдау және бұл инновациялық тәсілдің білім сапасын арттырудағы рөлін бағалау. Мақалада урбанизацияны ілгерілетудегі жасанды интеллекттің әртүрлі қосымшалары көрсетілген. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап апаттарды басқаруға дейін жасанды интеллект технологиясы қалаларды жобалау мен басқаруда төңкеріс жасайды. Ақпараттарды талдауды, машиналық оқытуды және болжамды модельдеуді қолдана отырып, жасанды интеллект қала басшыларына негізделген шешімдер қабылдауға, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Яғни жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қалалар тиімдірек, экологиялық таза және болашақтың сын-қатерлеріне дайын бола алады. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін жасанды интеллект технологияларының білім беру сапасын арттырудағы рөлін қарастыратын отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері құрайды. Мақаланы жазу барысында жасанды интеллект бағдарламалары және дәстүрлі оқыту үлгілері тәжірибелері салыстырылып, жан-жақты қарастырылды. Дегенменде, жасанды интеллект бағдарламаларын урбанизация үрдісін оқытуда қолдануда жасанды интеллектке қатысты барлық қауіптер мен тәуекелдерді ескеру қажет, өйткені олар білім беру жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Бір маңызды қауіп - қалалық және ауылдық жерлердегі экономикалық пен әлеуметтік теңсіздікті күшейту, жасанды интеллект шешім қабылдау процестеріне, құпиялылық және деректер қауіпсіздігі мәселелері, оқытушылардың цифрлық технологияларды дұрыс игере алмауыда маңызды қиындықтарға алып келеді.
