V- VІІI ҒҒ. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ СОҒЫС

  • Гулим Кадиркулова Q University
  • Светлана Саркулова Kazakh National Women's Teacher Training University
  • Сая Болтаева Narxoz University
  • Айжан Талман Miras University
  • Назгуль Молдабекова Military Institute of Land Forces named after S. Nurmagambetov
Ключові слова: құқық, сот жекпе-жегі, бенефициарлар, капитуляциялар, әскерлер

Анотація

Бұл зерттеуде Батыс Еуропада V- VІІI ғғ. аралықтарында соғысты реттеудің құқтық тетіктерін қалыптастыруға әкелген үдерістерді талдау. Мақсаты – ерте орта ғасырлардағы дәстүрлі идеяны тұрақты құқықтық нормалардан айырылған кезең ретінде қайта қарау. Жазбаша дереккөздерді зерттеу ортағасырлық мемлекеттердің дамуы әскери күш қолдану, әскери қызметтті ұйымдастыру, ресурстарды жұмылдыру және қорғанысты қамтамасыз ету ережелерін белгілейтін институттардың құрылуымен қатар жүретіндігін көрсетеді. Бүл үдерістерді талдау ерте қоғамдық құқықтың қалыптасу ерекшеліктеріне және оның әскери билікпен байланысына жарық түсіруге мүмкіндік береді.
Бұл мақалада құқықтық әдеп-ғұрыптар, каролиндік капитуляциялар және англо-саксондық заңдардың әскери мәселелерді құқықтық реттеу жүйесіндегі өзара байланысы аясында қарастырылады. Бұл дереккөздерді зерттеу әлеуметтік-экономикалық аспектілерді талдаудан асып түседі және олардың нормативтік сипатына назар аударады, әскерді құру, әскери ресурстарды басқару және монархтың билік өкілеттерін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
Зерттеудің өзектілігі әскери қызметті реттеуші құқықтық тетіктерді айқындаумен тікелей байланысты. Франк капитулярлары мен англо-саксондық заңнамалар әскери міндеткерлік, жер иелену құқығы және монархтың әскери өкілеттіктерінің заңдық негіздері болғанын дәлелдейді. Сонымен қатар Франк мемлекеті мен англо-саксондық корольдіктердегі әскери-құқықтық жүйелерді салыстыру мемлекеттіліктің даму модельдерін түсінуге жол ашады. Осылайша, бұл зерттеу әскери тарихта ғана емес, сонымен бірге еуропалық мемлекеттілік пен құқықтық институттардың қалыптасу тарихын тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Кадиркулова , Г., Саркулова, С., Болтаева, С., Талман , А., & Молдабекова, Н. (2026). V- VІІI ҒҒ. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ СОҒЫС. БҚУ хабаршысы, 103(3), 213. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).20