ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОНЫСТАНУ ГЕОГРАФИЯСЫ

  • Омарова К. И., Куанышбаев С.Б., Баубекова Г.К., Коваль В.В.
Ключові слова: демография; ауылдық қоныстану; халық саны; халықтың табиғи өсімі; көші-қон; жастар жұмыссыздығы; халықтың толымдылық көрсеткіші; халық тығыздығы; халықтың жас құрылымы; халықтың жұмыспен қамтылу құрылымы.

Анотація

Қостанай облысы ауыл халқының 2010 жылдан 2025 жылдың басына дейінгі кезеңдегі демографиялық талдау нәтижелері ұсынылған. Мақсаты – халық саны, табиғи өсім, көші-қон, халықтың жыныстық-жастық және этникалық құрылымы, жұмыспен қамтылу құрылымы, жастар жұмыссыздығын талдау негізінде Қостанай облысы ауыл халқының қоныстануын зерттеу, сондай-ақ ауыл халқының толымдылық (адам саны) көрсеткіштеріне демографиялық есептеулер жүргізу, аудандардың ауыл халқы санын Қостанай облысының жалпы халық санындағы үлес салмағы бойынша рангілеу және аудандардың әкімшілік орталығында тұратын халықтың үлесін анықтау болып табылады. Зерттеудің негізгі әдістері ретінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының демографиялық көрсеткіштерін талдау және статистикалық есептеу, математикалық модельдеу (графиктер, диаграммалар құру), ранг әдісін қолдану таңдалды. Тарихи, табиғи, әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, аудандардағы ауыл халқының қоныстануындағы айырмашылықтар анықталды. Ауыл халқының қоныстануының географиялық көрінісі ауыл халқының жоғары үлесі ауданның әкімшілік орталықтарында байқалатынын көрсетеді; ауылдық жерде тұратын халқы 80%-дан асатын көрсеткіш облыстың үш ауданында байқалады. Ауыл халқының жұмыспен қамтылу құрылымы негізінен ауыл шаруашылығы саласында шоғырланған.

 

Жарияланды:
2026-09-25
Як цитувати
Омарова К. И., Куанышбаев С.Б., Баубекова Г.К., Коваль В.В. (2026). ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОНЫСТАНУ ГЕОГРАФИЯСЫ. БҚУ хабаршысы, 103(3), 242. https://doi.org/10.37238/2960-1371.2960-138X.2026.103(3).23
Бөлім
География