АБАЙ ОБЛЫСЫ СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ГИДРОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГИДРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ
Анотація
2023 жылы Абай облысындағы жергілікті маңызы бар жеті су айдынында кешенді зерттеу жүргізілді: су, зоопланктон және зообентос сынамалары алынып, бақылау аулаулары жасалды. Оттегі барлық нүктеде жеткілікті болды (6,5–8,7 мг/дм³), рН 7,35-тен 8,48-ге дейін өзгерді. Большое көлінің суы ащылау келеді (минералдануы 8195 мг/дм³). Аммоний азоты осы көлде 1,41 мг/дм³, Линьковое көлінде 1,02 мг/дм³ болып, нормативтен асты; қалған бес су айдыны тұщы.
Зоопланктон биомассасы 420–2873 мг/м³ аралығында болды, бұл С.П. Китаев шкаласы бойынша ультраолиготрофты және мезотрофты деңгейге сай келеді. Бентоста көрініс басқаша: 10,22–46,18 г/м² биомасса барлық су айдынын евтрофты немесе политрофты қатарға жатқызады. Аулауларда төрт түр кездесті – Carassius gibelio, Rutilus lacustris, Perca fluviatilis, Tinca tinca. Екі су айдынынан тек бозша мөңке ауланды, тағы екеуінен бірде-бір балық түспеді. Осы деректерге сүйеніп, Большое көлін көл-тауарлық балық өсіруге, төрт су айдынын әуесқойлық балық аулауға беруді, ал ең таяз екі су айдынын жергілікті маңызы бар су айдындарының тізбесінен шығаруды ұсындық.
