КПО б.в. ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АҒЫНДЫ СУ ТҰНБАЛАРЫН ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ СОРБЕНТ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Анотація
Мақалада «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.» (КПО б.в.) компаниясының Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнындағы шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тұнбаларын пиролиздік өңдеу процестерін кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Тәжірибелік-зертханалық сынақтар М. Өтемісов атындағы БҚУ Экология және биогеохимия аккредиттелген сынақ зертханасы базасында Н.Г.
Чернышевский атындағы СҒЗУ Химия институтының аккредиттелген зертханасымен бірлесіп жүргізілді. Біріктірілген термогравиметриялық (ТГ) және дифференциалды-термиялық талдау (ДТА) деректері негізінде 20-дан 1000 °С-қа дейінгі температура аралығында тұнбаның термиялық-тотығу деструкциясының үш сатылы динамикасы егжей-тегжейлі зерттелді. Термолиз нәтижесінде көмірсутекті газ, сұйық фракция және қатты көміртекті қалдық алынды. БЭТ әдісімен көміртекті қалдықтың меншікті бетінің ауданы (154 м2/г) анықталды. Термиялық өңдеу тұнбаны толық залалсыздандыруды және матрицаны ауыр металдардан (Hg, Cd) тазартуды қамтамасыз ететіні дәлелденді.
Көміртекті қалдықтың мұнай мен мотор майларына қатысты жоғары сорбциялық қабілеті расталды, оны экологиялық сорбент ретінде қолданудың экономикалық рентабелділігі (38%) негізделді.
