TEMPERATURE CONDITIONS AND DRYING MECHANISM OF SOAP BASE OBTAINED BY RECYCLING WASTE FOOD OIL
Анотація
Қолданылған тағамдық май қалдықтарының санитарлық гигиеналық тазалық өнімдерін алуда қайталама шикізат ретінде қолданылу мүмкіндігі сипатталған. Гигиеналық сабын негізін кептіру механизмінің модельі және температуралық тәртіптерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Натрийлі сабын негізін кептіру механизмінің модельдік конструкциясы мен сабын құрамының физика-химиялық құрылымы және фазалық құрамын қарастыруға негізделген кептіру үрдісінің температуралық тәртібі қарастырылды. Қолданылған тағамдық май қалдықтарынан дәретханалық сабын алу мысалында кешенді қайнату және кептіру қондырғысының сұлбасы ұсынылған. Ламеллярлы құрылымды сабын негізін кептіру нәтижесінде ылғалды жою механизмінің сұлбасы келтірілген. Кешенді қайнату және кептіру қондырғысының температуралық тәртібін зерттеу нәтижелері ылғалдылықтың төмендеуімен температураның төvен болуы шарт және сәйкесінше қалдық бу қысымының да төмен болатынын көрсетті. Қолданылған тағамдық май қылдықтарынан дәретханалық сабын өндіру үрдісінің материалдық және жылулық баланс теңдеулері келтірілген. Ұсынылған зерттеу нәтижелері жалпы түзілетін тағамдық май қалдықтарын екіншілей шикізат ретінде қолданып, қызмет көрсету саласы үшін санитарлық гигиеналық сабын алу өндірісінде қолдану жоспарлануда.
