СУДЫ ТАЗАРТУ КЕЗІНДЕГІ АКТИВТЕНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ МИНЕРАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СОРБЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТІНЕ ӘСЕРІ
Аннотация
Қазақстандағы су тапшылығы жағдайында жер асты суларын тиімді тазарту үшін жергілікті минералды ресурстар негізінде сорбциялық материал әзірлеу нәтижелері баяндалады. Зерттеу барысында диатомит пен монтмориллонит қышқылдық және сілтілік активация арқылы модификацияланып, олардың құрылымы мен сорбциялық қасиеттеріндегі өзгерістер зерттелді. Алынған материал Ақкурай кен орнының жер асты суларында кездесетін магний, кальций, марганец, хлоридтер мен сульфаттарды жою қабілеті бойынша сыналды. Физика-химиялық талдау әдістері сорбенттердің беттік морфологиясы, кеуектілігі және функционалды топтарының өзгерісін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде жергілікті минералды шикізатты пайдалана отырып, су сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді композициялық сорбенттің оңтайлы құрамы ұсынылды. Ұсынылған тәсіл су ресурстары тапшы аймақтарда экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі экономикалық тиімді су тазарту технологияларын дамытуға ықпал етеді.
