ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАТИКАЛАРЫ (1960-1980 ж.ж.)
Анотація
Мақалада 1960–1980 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы және даму үрдістері қарастырылады. Аталмыш кезеңдегі балаларға арналған туындылар қоғамның рухани өмірін, елдің әлеуметтік-мәдени өзгерістерін менмұндалайды. Сол кездегі ақын-жазушылар мәні зор, маңызы айрықша шығармалары арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, достық пен әділдікке баулуды мақсат тұтты. Мақалада сол кезеңде балалар әдебиетінің жанрлық құрылымы кеңейіп, поэзия, проза, әңгіме, повесть, ертегі жанрларында жаңа көркемдік формалар жан-жақты талданып, тың тәсілдері сарапталады. Сонымен бірге шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік деңгейі арасындағы байланыс, балалардың қабылдау психологиясына сай тілдік ерекшеліктері зерттеледі.Зерттеу нәтижесінде қазақ балалар әдебиетінің дамуына әсер еткен негізгі тенденциялар мен проблемалар айқындалады. Сондай-ақ, дидактизм мен шаблондық бейнелерден арылу, шынайы балалық әлемді бейнелеу тәсілдері жан-жақты зерттеледі.
