1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ «ИЗВЕСТИЯ» ГАЗЕТІНДЕГІ КЕҢЕС-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫ
Анотація
Аңдатпа
Мақалада Кеңестік Ресей мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар кезеңдерін, кеңестік басылым «Известия» газетінің материалдары негізінде қарастырады. 1920 жылдың басынан 1930 жылдардың аяғына дейін «Известия» басылымында жарияланған ақпараттардың кең ауқымын талдай отырып зерттеу, Түркиямен дипломатиялық қарым-қатынасқа қатысты ресми кеңестік көзқарасты түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу еңбегінде екіжақты қарым-қатынастарды қалыптастырған маңызды оқиғалар, соның ішінде Мәскеу келісімі (1921), Карс келісімі (1921) және Ататүріктің Түркиядағы реформалары мен Кеңестік Ресейдегі жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кезеңіндегі өзара дипломатиялық байланыстарын айқындайды. Зерттеу жұмысында сонымен қатар Еуропадағы фашизмнің күшеюі және Екінші дүниежүзілік соғыстың белең алуы сияқты халықаралық оқиғалардың екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына ықпал әсерін зерттейді. «Известия» газетіндегі осы оқиғалардың баяндалуын зерделей отырып, кеңес-түрік қарым-қатынасына әсер еткен стратегиялық мүдделер, идеологиялық тәсілдер мен геосаяси ойлардың маңыздылығы баяндалады. Сонымен бірге, халықаралық қатынастардың осы маңызды кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір мен сыртқы саясатты қалыптастырудағы маңызы бағаланады. Зерттеу жұмысы тарихи мұрағаттар мен дереккөздердің халықаралық дипломатияның күрделілігін және қазіргі геосаяси мәселелерді түсінудегі маңыздылығын көрсетеді.
