СИРЕК ЖӘНЕ ЖОЙЫЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІ ҮШІН IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА МИКРОКЛОНАЛДЫ КӨБЕЙТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Анотація
Мақалада Ұлытау облысында таралған сирек және жойылып кету қаупі бар өсімдік түрлерін in vitro технологияларын қолдану арқылы микроклоналды көбейту ерекшеліктері қарастырылады.
Микроклоналды көбейту — сирек және ерекше қорғалатын өсімдіктерді сақтау мен көбейтуге бағытталған прогрессивті биотехнологиялық әдіс. In vitro технологиясы генетикалық жағынан біртекті өсімдіктердің зертханалық жағдайда көп санын алуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе табиғи популяциясы аз түрлер үшін аса өзекті.
Әдеби дереккөздерге жасалған талдау Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктерді микроклоналды көбейтуге қатысты жинақталған ғылыми тәжірибелерді жүйелеуге мүмкіндік берді. Жүйелеу нәтижесінде тиімді көбейту әдістері айқындалды. Сонымен қатар, талдау барысында жекелеген түрлерге қатысты зерттеулердің жеткілікті жүргізілмегендігі белгілі болды. Түрге бейімделген өсіру хаттамаларын әзірлеу мен өсімдіктерді ex vitro жағдайларына бейімдеу әдістерін жетілдіру - болашақ зерттеулердің негізгі бағыттары ретінде ұсынылады.
